Елімізде тағы екі автожол ақылы болмақ

22 ақпаннан бастап "Қостанай-РФ шекарасы (Троицке) және "Ақтөбе-РФ шекарасы (Орынборға) автожолдарының учаскелері автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді.
1. "Қостанай-РФ шекарасы (Троицке)" автожолының 539-376 шақырым аралығындағы учаскесі (М-36). Жүргізушілерге "РФ шекарасы (Екатеринбургке) -Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолы және "Қостанай-Рудный-Айет-РФ шекарасы" аудандық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы баламалы жол ұсынылады.
Ақылы учаскенің ұзындығы 163 шақырымды құрайды. ІІ және ІІІ техникалық санаттан тұрады. Жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,5 метр, қозғалыс жолақтың саны – 2 және 1 екі бағытта жолақ.
2. II санаттағы Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынборға) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 – 99+692 шақырым учаскесі.
Жүріп өту Ақтөбе-РФ шекарасы (Орск) республикалық маңызы бар баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ақылы жол учаскесінің ұзындығы 82 шақырым 692 метрді құрайды. Жол ІІ санатқа жатады, оның ені – кемінде 3,75 метр, ал жолағының саны – екі бағытта 1 жолақ.
Аркаларда орнатылған жоғары жылдамдықты камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын тіркейді.
Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы «ашық» төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан, кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады.
Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электронды әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісімшарт жасау. Алдын ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақытылы жасауға кеңес береміз.
Ақтөбе-РФ шекарасы (Орынборға) автожолының бір бағыттағы жолақысының құны:
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 515 теңге, кейінгі төлем – 600 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 1 040 теңге, кейінгі төлем – 1 220 теңге;
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздар үшін: алдын ала төлем – 1 545 теңге, кейінгі төлем – 1 820 теңге;
Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 2 080 теңге, кейінгі төлем – 2 440 теңге;
Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін: алдын ала төлем – 2 580 теңге, кейінгі төлем –3 040 теңге.
Қостанай-РФ шекарасы (Троицке) автожолының бір бағыттағы жолақысының құны:
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем – 1 010 теңге, кейінгі төлем – 1 190 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем – 2 055 теңге, кейінгі төлем – 2 415 теңге;
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздар: алдын ала төлем – 3 065 теңге, кейінгі төлем – 3 610 теңге;
жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері: алдын ала төлем – 4 100 теңге, кейінгі төлем – 4 825 теңге;
Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: алдын ала төлем – 5 120 теңге, кейінгі төлем – 6 030 теңге.
Фото: Қазавтожол