Елімізде темекі қамбаттады

Темекі бағасын 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін 770 теңгеден 820 теңгеге дейін бекіту жоспарланды

Арман Қайыпхан

  • 28.05.2024

Қаржы министрі Мәди Такиев темекіге ең төменгі бағаны көтеруді көздейтін «сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы» № 196 бұйрыққа түзетулер енгізуге қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұйрық құжатына сәйкес, фильтрлі, фильтрсіз 20 темекіге, папирос пен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек сауда бағаларын 2024 жылғы 1 шілдесінен бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін 770 теңгеден 820 теңгеге дейін бекіту жоспарланды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

Бұйрық «Ашық НҚА» сайтында 10 маусымға дейін орналастырылған. Ол 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Темекі бұйымдарының ең төменгі бөлшек сауда бағасының көтерілу себептері темекі өнімдеріне акциз ставкасының өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға артуы болды (сүзгіден өткен және сүзгісіз темекіге, темекіге акциз ставкасы: 2023 жылы – 14100 теңге/1000 дана, 2024 жылы – 15 900 теңге/1000 дана).

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

04.04.2025

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

01.04.2025

Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті?

30.03.2025

Қазақстандықтар ет бағасы тоқтаусыз өсіп жатқанын айтып, дабыл қақты

16.02.2025

Бүгіннен бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті

01.02.2025

Ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды

30.01.2025
MalimBlocks
Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы деректерді жариялады

Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті?

Наурызда Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі баяулады. Егер былтырғы қыркүйектен бастап пәтерлер айына шамамен 1% қымбаттаса, биыл наурызда бұл көрсеткіш небары 0,4% болды

Қазақстандықтар ет бағасы тоқтаусыз өсіп жатқанын айтып, дабыл қақты

Бүгіннен бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті

Ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды

Энергетика министрі шекті бағаларын бекітті