Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Арман Қайыпхан

  • 12.05.2025

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев соғыс кезінде Италияның солтүстік өңірлерін, соның ішінде Триест қаласын азат ету кезінде қаза тапқан Югославия халық-азаттық әскерінің тоғызыншы корпусы 30-шы дивизиясының 36 қазақстандық жауынгеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Е.Сембаев Қазақстанның фашистік басқыншыларды жеңуге қосқан зор үлесін атап өтті. Оның айтуынша, көптеген қазақстандықтар майданға өз еркімен аттанып, Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиды.

«Бүгін Триест қаласындағы ескерткіштің арқасында біз жеңіс үшін жан қиған сарбаздардың есімдерін мақтанышпен еске аламыз. Италия жерінде қалған қазақстандық батырлардың есімдері мәңгі есте қалады. Біздің жүздеген отандастарымыз өздерінің өлмес ерліктерімен Ұлы Жеңіс тарихына мәңгілікке өз есімдерін жазды. Триестті азат етуге қатысқан 36 қазақстандықтың және соғыстың басқа да батырларының есімдері біздің есімізде мәңгі сақталады», – деді Е.Сембаев.

Ескерткіш 2010 жылғы 25 сәуірде ашылған. Оның авторы қазақстандық мүсінші А.Құтанов. Биылғы жылы ескерткіш Қазақстан Республикасының Италия Республикасының Фриули-Венеция-Джулия аймағындағы Құрметті консулы Лука Беллинеллоның көмегімен қалпына келтірілді.

Фото: СІМ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

12.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

Ресей СІМ: Алдымен Стамбулдағы келіссөздер, содан кейін ғана бітім туралы талқылаулар

11.05.2025

Украина мен оның одақтастары Ресейден оқ атуды тоқтатуды талап етті

10.05.2025
MalimBlocks