457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Каспий теңізінде жер сілкінді

Сейсмологтар 27 сәуірде кешке Каспий теңізінің Әзербайжан аймағында жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.

:ер асты дүмпулері магнитудасы 3,6 болатын сілкініс 18:13-де (Астана уақытымен 19:13) тіркелді.

Қазақстанның жер сілкінісін зерттеу бюросы мәліметінше, зілзала эпицентрі 58 шақырым тереңдікте болған.

Ал 25 сәуірде Қазақстанның сейсмологтары Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеген болатын. Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының мәліметі бойынша, жер дүмпулері магнитудасы 4,0 болған.

Фото: Pixabay.com