Көктайғақ, тұман. Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырды

Бірнеше аймақта дауыл соғады

Malim Админ

  • 11.11.2024

«Қазгидромет» қарашаның 11-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін Астанда  жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.


11 қарашада Қарағанды облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағандыда 11 қарашада көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

11 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда 11 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысында көктайғақ, боран болады. Оңтүстік батыстан жел соғып, шығыста, оңтүстікте екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жезқазғанда көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбеде 11 қарашада түнде көктайғақ болады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Семейде 11 қарашада жаяу бұрқасын соғад. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Өскеменде 11 қарашада жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11 қарашада түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

11 қарашада түнде Қостанай облысында көктайғақ болып, бұрқасын соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанайда 11 қарашада түнде көктайғақ болады.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

Павлодарда 11 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ сақталады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

11 қарашада Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ақтауда 11 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

11 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда 11 қарашада солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11 қарашада Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с.

11 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Тараз қаласында 11 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Бүгін Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Фото: Астана әкімдігі  

Байланысты жаналықтар

Қазгидромет 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

31.03.2025

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

30.03.2025

Демалыста ауа райы қандай болады?

28.03.2025

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

28.03.2025

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында ауа ластанады

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025
MalimBlocks
Қазгидромет 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет синоптиктері Астананың және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін

Демалыста ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында ауа ластанады

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты