Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Астанадағы мамандандырылған сот лифт ішінде балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірімге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға ақпан айында елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған еді.
Тергеу барысында анықталғандай, жасөспірім II топ мүгедегі болып шықты және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Сот-психиатриялық сараптама оның қылмыс жасаған сәтте есі дұрыс болмағанын растады. Ол өз әрекетін толық түсіне алмаған және өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірген.
Қылмыстық кодекске сәйкес, ақыл-есі дұрыс емес деп танылған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Осыған байланысты сот жасөспірімді Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Ақтас ауылындағы мамандандырылған емдеу мекемесіне күшейтілген бақылаумен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Самое читаемое
