Марадонаны емдеген дәрігерлер сот алдында жауап бере бастады

Арман Қайыпхан

  • 12.03.2025

Аргентинада Диего Марадонаны емдеген дәрігерлер сот алдына келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оларға абайсызда кісі өлтіру және немқұрайдылық таныту арқылы науқастың өліміне себепші болды деген айып тағылды. Аңыз футболшы 2020 жылы 60 жасында қайтыс болған.

Сотқа нейрохирург, психиатр және медбике секілді жеті медицина қызметкері тартылған. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Прокуратура футболшының өлімінен кейін дәрігерлер мен медициналық компания өкілдеріне қатысты тергеу бастаған.

Сот залына Марадонаның қыздары – Дальма, Джанина және Яна, сондай-ақ бұрынғы азаматтық жұбайы Вероника Охеда келді. Охеда 1986 жылғы әлем чемпионының бейнесі және әділдік деген жазуы бар футболка киіп отырды.

Марадона қайтыс болардан бірнеше апта бұрын нейрохирург Леопольдо Луке оның миынан тромбты алып тастау операциясын жасаған.

Сотталушылар қатарында психиатр Агустина Косачова, психолог Карлос Диас, медициналық компания үйлестірушісі Нэнси Форлини, дәрігер Мариано Перрони, жалпы практика дәрігері Педро ди Спанья және медбрат Рикардо Альмирон бар.

Ал медбике Дахияна Гизела Мадридтің ісі жылдың соңында сот алқасының қарауына берілмек.

Айыптаушы тарап медицина қызметкерлері Марадонаға тиісті ем-дом көрсетпегенін алға тартып отыр.

Фото: Instagram/maradona

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады