457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2025 ЖЫЛЫ – ОНЛАЙН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ, МАЛ ТАҢДАУ, ҮЛЕСТІРУ. РЕСМИ ЖАУАП (ҚМДБ)

МАҚСАТБЕК ҚАЙЫРҒАЛИЕВ, ҚМДБ ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 

Құрбандыққа ірі қара, түйе, қой немесе ешкі союға болады. Қой немесе ешкі 1 жасқа, сиыр 2 жасқа, түйе болса – 5 жасқа толған болуы шарт. Және бір шарт – құрбандыққа шалынатын малдың кінәраты болмауы керек. Яғни – соқыр, ақсақ, жаралы немесе ауру мал еш жарамайды.

 

ҚҰРБАНДЫҚ МАЛ ЕТІН ҚАЛАЙ ТАРАТАДЫ?

Құрбандық мал етін таратқанда – бір бөлігін өзіңізге алып, бір бөлігін қонаққа ауыз тигізіп және бір бөлігін мұқтаждарға таратып беріңіз дейді біздің ғұламалар. Ендеше, құрбандықтың пайдасын өзімізден басқа – айналамыздағы туған-туыстарымыз, көршілеріміз және мұқтаждар көруі керек. Кез келген құрбандықты, мысалы сиырды әлде түйені әдетте 7 адам бірігіп шалады. Сонда әрқайсына жетіден бір бөлігі тиеді. Ірі қара мен түйенің жетіден бір бөлігін дәл солай үшке бөлеміз.

 

ҚҰРБАНДЫҚТЫ ОНЛАЙН ШАЛУҒА БОЛА МА? ЕТ КІМДЕРГЕ ҮЛЕСТІРІЛЕДІ?

Кейбіреулер сыртта, іссапарда жүреді. Мысалы, шетелдерде. Олардың онлайн платформа арқылы шалған құрбандықтары толығымен мұқтаждарға таратылады.

Сайтқа тіркеледі. «Менің құрбан шалғым келеді» және «Мен құрбан шалғанда еті толайым қайырымдылыққа кетеді»,- деп келісім береді. Сосын, төлем жүзеге асырылғаннан кейін, «сіздің өтінішіңіз қабылданды»,- деген SMS-хабарлама барады. Содан кейін, құрбандық шалынған күні «сіздің құрбандығыңыз қабыл болсын»,- деген SMS барады. Кейін таратылған еттің видео-есебін жібереміз. Біздерге мұқтаждар да тіркеледі. Етті соларға таратып береміз.

 

ЕТТІҢ АДАЛДЫҒЫНА КІМ ЖАУАПТЫ?

Әрине, құрбандықты үйде де, мешітте де шалуға болады. Егер ол жер санитарлық нормаларға сәйкес болса, таза болса. Әлбетте, қалаларда арнайы белгіленген жерлер болуы керек. Жердің тазалыққа сәйкестігіне дұрыс көңіл бөлмесек, арты қиын болуы мүмкін. Біз құрбандық шалып жатқан орындардың бәрі – ресми базар. Ол жерлерде ветеринарлық қызмет көрсетіледі. Мал ветқызмет анықтамасын алған соң ғана базарға кіреді. Жауапкершілік базар иелерінің мойнында.