Өскемен жаңа жұмыс кестесіне көшті

20 наурыздан бастап облыс орталығында мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар үшін жаңа жұмыс кестесі енгізілді

Сұлу Бөлек

  • 20.03.2025

Өскеменнің мекемелері де жаңа жұмыс кестесіне көшті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

20 наурыздан бастап облыс орталығында мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар үшін жаңа жұмыс кестесі енгізілді. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов қалалық әкімдікте өткен отырыста мәлімдеді.

Енді өскемендіктердің көпшілігі үшін жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Бұл өзгеріс Шығыс Қазақстан облысының басқа аудандарында тиімділігін көрсеткен.

"Отырысқа қаланың мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар бұл бастаманы қолдап, жұмыс күні ерте басталуы уақытты тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретінін айтты", - деді ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі өкілі.

Еске салайық, былтыр 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне өтті. Алайда 7 маусымда уақытты қайта өзгертуге қатысты петиция басталып, 50 мыңнан аса қол жиналғанымен, ол қабылданбады.

2025 жылғы қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы жаңа жұмыс уақытына көшті.

Жуырда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ШҚО-ның барлық ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетілгенін, бұл тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапқанын мәлімдеді. Министр қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдана алатынын айтты.

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

Skype бүгіннен бастап жұмысын тоқтатады

02.05.2025

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

28.04.2025

"Ким Чен Ынға ұқсайды". Желіде Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыға түсті

27.04.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

Skype бүгіннен бастап жұмысын тоқтатады

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

"Ким Чен Ынға ұқсайды". Желіде Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыға түсті