Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

Сұлу Бөлек

  • 07.05.2025

Өскемен қаласында Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Отан қорғаушылар күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Кеңес Одағының Батыры, "Халық Қаһарманы", Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Салтанатты шараға ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери бөлім командирлері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, қорғаныс департаментінің өкілдері, өңірдегі жоғары оқу орындарының әскери кафедра студенттері мен "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының мүшелері қатысты.

"Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі – Отанға адал қызмет етудің символы ретінде еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылды. Ол соғыс жолдарын абыроймен жүріп қана қоймай, бейбіт кезеңде де өз өмірін Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін қалыптастыруға арнады", – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Салтанатты рәсім барысында облыс әкімі елдің қорғаныс қабілетін және тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.

Айта кетейік, Қазақстан Президентінің бастамасымен "Айбын" орденінің бір дәрежесі Сағадат Нұрмағамбетовтың есімімен аталады. Бұл – ешкім де ұмытылмайтынын, ешнәрсе де естен шығарылмайтынын дәлелдейді.

"Сағадат Нұрмағамбетовтың ерлігі мен өмір жолы – офицерлер мен сарбаздар буынына үлгі. Мұнда жас сарбаздар, Отан қорғаушылар қатысып отыр. Сіздердің қызметтеріңіз, тәртіптеріңіз бен Отанды қорғауға дайындығыңыз – Сағадат Нұрмағамбетов өмір бойы адал қызмет еткен істің жалғасы. Біз, қазақстандықтар, күнделікті еңбегіміз арқылы Отанға деген сүйіспеншілігімізді дәлелдеп, бейбітшілік пен жасампаздық жолында өз ерлігімізді жасауымыз керек!" – деп атап өтті өңір басшысы.

Фото: ШҚО әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

06.05.2025

«Бір шаңырақ астында»: Шығыс Қазақстанда ҚХА-ның 30 жылдығы аталып өтті

01.05.2025

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

29.04.2025

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

28.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

«Бір шаңырақ астында»: Шығыс Қазақстанда ҚХА-ның 30 жылдығы аталып өтті

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

Актрисаның жасы ол кезде 11-де болған.

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті