Өзбек тарихшысы Қазақ мемлекеті болмаған деп мәлімдеді
Ол қазақтың өз қалалары да болмаған деген пікір айтты

Өзбекстандық тарихшы, өлкетанушы SEREDIN YouTube-арнасына сұхбат беріп, қазақтардың «өз мемлекеті ешқашан болмаған» деп мәлімдеді. Голендер бұған дейін Ташкент тарихын зерттеп, «Мои господа ташкентцы» кітабын шығарған, - деп хабарлайды Malim.kz.
Бір жарым сағатқа созылған сұхбатта Голендер Ташкент қаласының тарихына шолу жасайды. Сұхбат кезінде, журналист өлкетанушыға «Ташкент Қазақстанның құрамында болған ба?» деген сұрақ қойды, Голендер болса «олардың өз мемлекеті де болмаған» деп жауап беріп, 560 жылдық Қазақ хандығын жоққа шығарды.
Қазақстан 1922 жылдан бері бар, яғни 100 жыл болды. Осы 100 жылдың ішінде Қазақстанда төрт астана болды. Бірінші астанасы — Орынбор қаласы, ол мүлде қазақтың қаласы емес. Екінші астанасы — Қызылорда. Негізінде бұл қала — Перовск, оны орыстар салған, ол жерде қазақтар болмаған. Үшінші қала — Алматы, нақтырақ айтсақ — Верный. Бұл — казактардың Жетісу казак әскери округінің орталығы болған, оны тауда генерал Колпаковский салған. Ал төртінші — Ақмола қаласы, кейін Целиноград. Яғни, қазақтардың өз қалалары болмаған. Бұл нені білдіреді? Демек, олардың өз мемлекеті де болмаған. Қазір «қазақ хандары болған» деп айтылып жүргеннің бәрі — жалған», - деді Борис Голендер.
Голендер қазақтарды бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүретін, өз жерлері жоқ, отар халық болғанын айтады.
Солтүстік қазақтарға жоңғарлар шабуыл жасағанда, бұл XVIII ғасырдың басы. Олар Ресейге бет алып, Ресейдің отарлығына өтті. Олар Анна Иоанна патшайымға барып, отар ел болуды сұранды. Бұл — XVIII ғасырдың басы. Ресей оларды қабылдады. Бірақ көп ұзамай бұл отар болған елдің ешбір жерді бақылай алмайтыны белгілі болды. Өйткені олардың жері жоқ, өздері көшпенді. Патшайым «біз кімдерді қосып алдық?» деп бұған таңғалған еді», - дейді тарихшы.
Сондай ақ, тарихшы Голендер тек XVII ғасырдың соңында ғана біріккен жас ұлт болған соң, қазақтардың Ташкентке ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.
Одан бөлек, 1922 жылы құрылғанда Қазақстан Республикасы қалай аталды? Ресми атауы — Қырғыз автономиялық социалистік кеңестік республикасы, және ол РСФСР құрамына кірген. Тіпті олардың өз атауы да соңғы жүз жылда өзгерді — сонда бұл қалайша көне халық бола алады? Қайдағы көне халық? Қалалары да болмаған. Қазақтар — жас ұлт, халық ретінде тек XVII ғасырдың соңында ғана бірікті. Сол уақытта Ташкент атақты, ұлы қала болған. Бұл жерде қазақтардың қандай қатысы бар?», - деді Борис Голендер.
Фото: видеодан скрин