"Пышақ жарақаты бар": Айгүл Сайлыбаеваға қатысты тың дерек шықты

Германияда өлі табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылды

Арман Қайыпхан

  • 20.06.2024

Германияда өлі табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) оқып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуімен, қызымен және қайын енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең А.Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарды. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жексенбі күні оның денесі қала шетіндегі пластик қапшықтан табылды.

BILD Telegram арнасының хабарлауынша, марқұмның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары болған.

"Біз төбелес болған деп пайымдаймыз, әйелге шабуыл жасалған және ол өзін қорғауға тырысқан", - деді тергеуші.

Прокуратура BILD сауалына берген жауабында бұл іс бойынша бірде-бір күдікті жоқ екенін айтқан. А.Сайлыбаевамен бір мезгілде Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан үйіне алып келген. Содан бері оны ешкім көрмеген. Қазір Жаклин әкесімен бірге тұрып жатыр. Қазақстаннан Германияға марқұмның 35 жастағы інісі Қанат Сайлыбаев келді. Ол әпкесін Қазақстанда жерлегісі келетінін айтты.

"Біз өте тығыз қарым-қатынаста болдық, уайымдадық. Айгүл әдетте хабарламаларға бес минутта жауап беретін. Ата-анамыз Айгүлмен күн сайын хабарласып тұрды, соңғы рет 3 маусымда телефонмен сөйлесті. 5 маусымда біз полицияға хабарладық. Айгүл өте ашық және жанашыр адам болды. Ол бәрінен де қызын жақсы көрді және сүйікті ана болды. Айгүлдің өліміне кінәлі адам әділ жаза аларына және әділдік орнайтынына сенемін", - дейді Қанат Сайлыбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Германияда қазақстандық экс-судьяның өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз. 

Фото: http://www.instagram.com/podslushano.de/

Байланысты жаналықтар

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

01.04.2025

Bloomberg басшысы, оның әйелі мен қызы өлі табылды

01.04.2025

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025
MalimBlocks
Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

Bloomberg басшысы, оның әйелі мен қызы өлі табылды

Bloomberg басшысы Ричард Самарел мен оның әйелі Лина Мария Самарел және тоғыз жастағы қызы Саманта Самарел өлі табылды

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған