Қарағанды облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

Төмендетілген тарифтер 2024 жылғы 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Malim Админ

  • 21.05.2024

Шахтинск қаласы, Абай мен Бұқар-Жырау аудандарында қызмет көрсететін «Расчетный сервисный центр» ЖШС ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 45,85 теңгеден 41,26 теңгеге дейін, яғни 10%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Осындай хабарламаны Саран қаласында қызмет көрсететін «Энергоуголь ХХІ» ЖШС де берді, ол 1 кВт/сағатына 47,90 теңгеден 43,13 теңгеге дейін 10%-ға төмендетті.

Төмендетілген тарифтер 2024 жылғы 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тарифті төмендету ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Еске сала кетейік, бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізді.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Расчетный сервисный центр» ЖШС және «Энергоуголь ХХІ» ЖШС) ауысуына болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Шахтинск қаласының, Абай және Бұқар-Жырау аудандарының заңды тұлғаларының «Расчетный сервисный центр» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Саран қаласының заңды тұлғаларының «Энергоуголь ХХІ» ЖШС-мен сол сияқты тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Туындаған сұрақтар бойынша «Расчетный сервисный центр» ЖШС-на жүгінуге болады.

Заңды тұлғалар үшін:

Қарағанды қаласы, Лободы көш., 35Б ғимарат, телефон 8-7212-90-01-64;

Шахтинск қаласы, Ленинградская көш., 69 үй телефон 8-72156-3-73-29;

Абай қаласы, Абай көш., 32А үй, телефон 8-72131-4-49-48.

Сондай-ақ «Энергоуголь ХХІ» ЖШС:

Саран қаласы, Победы көш., 28А үй 11, телефон: 8-72137-7-69-40.

Фото: exclusive.kz

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025
MalimBlocks
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды