Қарағанды жолында мыңнан аса көлік кептеліп тұр

Полиция ауа райына байланысты жүргізушілерді алыс жолдарға шықпауға шақырды

Malim Админ

  • 21.01.2025

Ауа-райының құбылуына байланысты полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өңірдегі жолдарда мыңнан астам көлік қозғалмай тұр, деп хабарлайды Malim.kz. 


Қарағанды облысының автожолдарындағы жағдай ауа райының нашарлауына байланысты күрделі болып қалып отыр. 20 қаңтардан бастап республикалық маңызы бар Қарағанды-Астана және Қарағанды-Балқаш автожолдары уақытша жабылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальоны мен аумақтық бөлімшелердің жеке құрамы күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшірілді. 

Ведомствода хабарлағандай, 21 қаңтар күні сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Қарағанды облысының жолдарында 1000-нан астам көлік тіркелген, оның ішінде 527 жеңіл, 500 жүк көлігі және 9 қоғамдық көлік бар.

Өздеріңіз білетіндей, кеше республикалық маңызы бар Қарағанды-Астана трассасы жабылды. Теміртау терминалы маңында Қарағанды-Астана бағытында шамамен 300 көлік тұр. Бұған дейін бұл жерде көліктер саны одан да көп болған, бірақ кейбір жүргізушілер жолдың жабық болуына байланысты кері қалаға оралды. Таңертең патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолдарды тексеріп, қар құрсаулары мен қар үйінділерін анықтады. Жолдардың жағдайы туралы барлық ақпарат пен бейнематериалдар «ҚазАвтоЖол» мекемесіне жіберілді, және жол қызметтері қар тазалау жұмыстарын бастады, - деп атап өтті Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

Полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді алыс жолдарға шықпауға шақырды.   

Фото: видеодан скрин  

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.