Қарттар үйіндегі той: Қалыңдық 71, күйеу 64 жаста

71 жастағы қалыңдық пен 64 жастағы ер адам бір-бірін қарттар үйінде жолықтырған

Malim Админ

  • 06.09.2024

Өскемен қаласының тұрғыны жасы жетпістен асқанда тұрмысқа шықты.

71 жастағы қалыңдық пен 64 жастағы ер азамат некелерін қарттар үйінде қиды.

Шығыс Қазақстан облысының АХАТ қызметкерлері арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп, жұбайлардың некесін тіркеді.

Қариялар некелерін салтанатты түрде рәсімдеу үшін Отбасы күнін таңдап алыпты. АХАТ басқармасының басшысы Әлия Қырықпаеваның айтуынша, атаулы күндері шаңырақ көтергісі келетіндер өте көп.

Людмила Николаевна 71 жасында тұрмыс құрамын деп ойламағанын. Ол қарттар үйіне біраз уақыттан бері тұрады. Осы жерден болашақ жарын кездестірген. Сөзінше, содан кейін барлық ауру-сырқауын ұмытқан. Людмиланы өмірлік серігі ретінде көрген 64 жастағы Қалыбек Қатеев те жар таңдауда жаңылыспадым деп отыр. Қалыңдық болса, ер азамат сөз салғанда қатты толқыпты. 

- Екі ай кездескеннен кейін маған ұсыныс жасады. Мен «иә» дедім. Осылайша, некемізді тіркедік. Енді мұнда бірге тұрамыз, бізге тіпті бөлек бөлме берілді. АХАТ қызметкерлеріне арнайы келіп, некемізді тіркегені үшін көп рақмет, - дейді Людмила Николаевна.

АХАТ өкілдерінің сөзінше, бұған дейін көпшілік неке қидыру үшін 24 тамызды, яғни, 24.08.2024 датасын таңдаған.

Автор: Мәдина Қайнарова

Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Байланысты жаналықтар

"Үйімізді алып қойды": Белгілі актриса қарттар үйін паналап жүр

04.07.2024

Әкем “анаң алжыды” деп жылап қоңырау шалды - Альцгеймер жайлы

27.12.2021
MalimBlocks
"Үйімізді алып қойды": Белгілі актриса қарттар үйін паналап жүр

Айымторы Тайғаринованың жасы қазір 86-ға келді

Әкем “анаң алжыды” деп жылап қоңырау шалды - Альцгеймер жайлы