Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, өрт сейсенбіде кешкі сағат 21:00 шамасында Чэндэ штатындағы Лонхуа округінде тұтанған.
Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт кезінде ғимаратта 39 қарт адам болған.
"Өрт шамамен сағат 23:00-де сөндірілді. Сәрсенбіде таңғы сағат 3.00-тегі жағдай бойынша 20 адамның қаза болғаны расталды. Қалған 19 адам медициналық бақылаудан өту үшін ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазір қарттар үйіне жауапты тұлға полиция бақылауына алынды. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау жалғасып жатыр.
Фото: perak.sinchew.com

Самое читаемое
