457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

Алматыда экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Қазір куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Айыпталушы сотқа қатысудан бас тартты, бірақ денсаулығы қалыпты

Бүгін Жолманова денсаулығына байланысты сотқа қатысудан бас тартты. Алайда тергеу изоляторының басшылығы оның денсаулығы қалыпты екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол тәртіп бұзғаны үшін тәртіптік изоляторға қамалған. Сот отырысы Жолмановасыз өтіп жатыр. 

170 мың теңге "қарыз": жәбірленуші талаптан бас тартты

Сотта жәбірленуші Қазбек Нұрахметов бұрын Жолмановаға 170 мың теңге қарызға бергенін айтты. Алайда ол бұл сомадан және сотқа қатысудан бас тартты.

"Жай ғана қарыз сұрады, ештеңе уәде еткен жоқ. Ақшаны әлі қайтармады, бірақ мен ешқандай талап қоймаймын. Азаматтық талаптан да бас тартамын", – деді ол.

Пәтер сату ұсынысы

Куәгер Ерасыл Қақенов Жолманова оған пәтер сатып алуды ұсынғанын айтты. Оның сөзінше, пәтерді басқа әйелдің атымен, нотариус арқылы рәсімдеген.

"Бастапқыда мен Жолманованың анасын емдедім, система қойып жүрдім. Кейін Светлана Жолманованың өзімен таныстым, оған да система қойдым. Ол өзін Медеу аудандық сотында жұмыс істеймін деді. Пәтер сатып алғым келетінін естіген соң, өзінің пәтерін сататынын айтты. Нәтижесінде мен Түгел тәте деген әйелдің пәтерін сатып алдым. Түгел тәтенің толық аты-жөнін ұмытып қалдым. Барлығы заңды түрде, нотариус арқылы рәсімделді. 16 миллион теңгеге сатып алдым. Ипотеканы өзім төледім, жақында қарыздарымның кесірінен пәтерді сатып жібердім. Ақшаны Түгел тәтеге бердім, Жолмановаға ақша берген жоқпын", — деді ол.

Сондай-ақ ол кейінірек Шаңырақтан 18 миллион теңгеге үй алып, кейін оны кері қайтарғанын жеткізді.

20 миллион теңге несие: ақша Жолмановаға берілді, бірақ қарыз жабылмады

Тағы бір куәгер Жолмановамен 20 жылдай дос болғанын айтып, әпкесі мен інісі несие алып, ақшаны Жолмановаға бергенін айтты.

"Светлана: "бәрін қайтарамын, аздап күтіңдер" деді. Бірақ несие жабылған жоқ", – деді куәгер әйел.

137 миллион теңге "екі айға"аламын: уәде бар, ақша жоқ

Куәгер Ердан Тағаев Жолмановаға 137,6 миллион теңге қарызға бергенін, бірақ ол ақшаны қайтармағанын айтты. Айтуынша, Жолманова екі айда қайтарамын деп сендірген.

"Жалпы соманың бір бөлігіне екі пәтер мен тұрақ орны берілді, бірақ қалған бөлігі кепілсіз болды", – деді Тағаев.

1 миллиард теңгеден астам шығын, 48 эпизод

Жолмановаға 2021–2024 жылдар аралығында 48 алаяқтық дерегі бойынша айып тағылған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол пәтер алу, тендерге қатысу секілді уәделермен азаматтарды алдап, олардың сенімін теріс пайдаланып, 1 миллиард теңгеден астам қаржыны иемденген.

Айыптау ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Алаяқтық, аса ірі мөлшерде") бойынша қозғалған.

Анықтама: Светлана Жолманова 2021 жылы да алаяқтық ісі бойынша тергеуге алынған болатын. Кейін қылмыстық іс тоқтатылып, ол судья қызметінен босатылған.

Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana