Қазақ қызы IELTS емтиханынан 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты

17 жастағы Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты, деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық Сая Қыдырәлі инстаграм-парақшасында қуанышты жаңалығын және алғашқы эмоциясын бөлісті.
Сая Қыдырәлі - Қазақстаннан IELTS емтиханынан максималды 9.0 деген баға алған жалғыз адам және әлемдегі ең жас IELTS-сарапшы.
Сая Қыдырәлі 6 жасынан бастап ағылшын тілін үйренген, ал 9 жасында сабақ бере бастаған. Ол 16 жасында IELTS емтиханынан 8.5/9.0 деген баға алып, IDP IELTS және Британ кеңесінің ресми серіктесі атанды.
Фото: instagram.com/saya.kidirali