Қазақстанда декретке шығатын ер адамдар көбейген

Арман Қайыпхан

  • 26.02.2025

Былтыр елімізде 277 мың адам бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алса, соның 500-ге жуығы – ер адам, деп хабарлайды Malim.kz.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ мәліметінше, декреттік демалыста отырған ерлердің үлесі Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысында жоғары.

Мәселен Павлодарда әлеуметтік төлем 2023 жылы 7 865 адамға тағайындалған. Соның 40-ы – ер адам. Өткен жылы 7825 әйел өмірге нәресте әкелсе, бала күтімімен 33 әке үйде отырған.

СҚО-да бала туу көрсеткіші екі жылдан бері бірқалыпты, шамамен 4,5 мың нәресте дүниеге келген.

Алайда 2023 жылы 10 ер адам, былтыр 18 ер адам декреттік демалысқа шыққан. Үлесі – 0,5%. 

Бұдан кейін 0,3% көрсеткішпен Алматы, Астана қалалары және Жамбыл облысы келеді.

Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында бала күтімімен үйде отыратын ерлердің саны өте аз.

Қызылордада былтыр шамамен 14,7 мың әйел босанған, екі жағдайда ғана бала күтіміне байланысты ер адамдар үйде отырған. 

Бала туу көрсеткіші бойынша алда тұрған Түркістан облысында былтыр 37 мың сәби дүниеге келіп, 29 ер адам декреттік демалысқа шықты. 

Жалпы былтыр қор бала күтіміне байланысты кірісінен айырылғандарға 404,1 млрд теңге әлеуметтік төлем жасаған. 

Мамандардың айтуынша, қазір бала туғаннан кейін баланың ата-анасының біреуі біржолғы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы ала алады. Бірінші-үшінші балаға – 38 АЕК, төртінші баладан кейін 63 АЕК мөлшерінде төлем жасалады. 

Жұмыс істейтін анасына немесе әкесіне 1,5 жасқа дейін бала күтіміне қордан әлеуметтік төлем жүргізіледі.

Бірінші балаға – 5,76 АЕК, екінші балаға – 6,81 АЕК, үшінші балаға – 7,85 АЕК, төртінші баладан бастап 8,9 АЕК мөлшерінде төленеді. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

05.04.2025

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

01.04.2025

"Декретке миллионмен". Депутат өзін айыптағандарға жауап берді

03.03.2025

Әкелердің де декреттік демалысы олардың еңбек кітапшасына қосылатын болды

10.02.2025
MalimBlocks
Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр. Бұл мәліметті Ulysmedia.kz тілшісіне Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі

"Декретке миллионмен". Депутат өзін айыптағандарға жауап берді

Әкелердің де декреттік демалысы олардың еңбек кітапшасына қосылатын болды