Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды
Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемдері қысқартылды. Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі, - деп хабарлайды Malim.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Марина Айтова босанғалы жатыр. Әйел әлеуметтік аударымдары, декреттік жәрдемақы да көп болуы үшін бірнеше жерде жұмыс істеді. Бірақ 8 сәуірде еңбек министрлігінің бұйрығы күшіне енеді, оған сәйкес ол күткеннен әлдеқайда аз алады.
“Мен жұмыстан да, жеке кәсіпкерліктен де ақша аударатындықтан, біз алатынымыздан да көп беретініміз анық. Ешкім барлық шығынды көтермейді. Бірақ біз өзімізге тиесіліні алуымыз керек. Әйтпесе әділетсіз”, – деді Қарағанды қаласының тұрғыны Марина Айтова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бала тууға байланысты жәрдемақыны есептеу үшін жалақының жоғарғы шегі 595 мың теңге болып белгіленді. Бұрын ешқандай шектеу болған жоқ. Демек қазір қанша жалақы алсаң да, 2,5 миллион теңгеден асатын жәрдемақы ала алмайсың. Оның үстіне 10%-ын зейнетақы қорына беру керек.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, әйелдер төлемдерді жасанды түрде арттыру үшін бос орындар тапқан. Соның салдарынан кейбір өңірлерде әлеуметтік сақтандыру қоры жиналған ақшадан әлдеқайда көп төледі.
“Бұл түзетулер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры активтерінің мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудағы жалған схемаларды жою мақсатында әзірленді”, – деді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Қарағанды облысы бойынша филиалдарының бас маманы Гүлнар Қашаубаева.
Экономист Марат Абдурахманов бұл ақыр аяғында бала туу көрсеткішінің төмендеуіне әкелуі мүмкін деп есептейді. Және мәселені шешудің басқа жолын ұсынады.
“Импортымыз – 90 миллиард доллар, яғни импортқа тәуелділігіміз ресми мәлімет бойынша 90%, осы жағдайдан шығу үшін өндіріске қосылған құн салығын алып тастап, импортқа ҚҚС қалдыру керек. Сонда бюджет ұтады, азаматтар да ұтады, өйткені барлық баға бірден төмендейді”, – деді экономист Марат Әбдірахманов.
Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылғы қыркүйектен бері 2 мыңнан астам жәрдемақы алушы табысын жалған көрсету дерегін өз еркімен мойындаған. Соның арқасында әлеуметтік сақтандыру қоры 4 миллиард теңгеден астам қаржыны үнемдеді.
Фото: Pixabay.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
