Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

2023 жылы елімізде 124 мың жұптың некесі қиылған.

Сабина Асқарқызы

  • 21.04.2025

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, Қазақстанда 2023 жылы отау құрған 124 мың жұптың жартысына жуығы ажырасқан. Ол бұл көрсеткішті отбасылық-неке қатынастарындағы дағдарыстың салдары деп бағалайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сәрсембаевтың мәліметінше, қазіргі таңда елде жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі шаралар жүргізілуде. Соңғы жылдары жұмысқа орналастырылған алимент борышкерлерінің саны тұрақты өсіп келеді: 2020 жылы – 1 559, 2021 жылы – 2 224, 2022 жылы – 2 150, 2023 жылы – 4 238 адам. 2024 жылы бұл көрсеткіш 6 232-ге жеткен.

Борышкерлерге қатысты қолданылатын ең соңғы шара – оларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту. 2024 жылы 4 642 борышкер әкімшілік жауапқа тартылды. Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша борышкерлерге қатысты 745 іс тіркеліп, олардың 461-і сотқа жолданған. Нәтижесінде 391 борышкер сотталған, деді ол.

Сәрсембаевтың сөзіне қарағанда, бұл шаралардың өзі алимент төлемеу мәселесін толық шешпейді. Оның пікірінше, балаларды асырауға ниеттің болмауы мен алименттен жалтару – отбасылық құндылықтардың әлсіреуінің айқын көрінісі. Бұған дәлел – тіркелген 61 080 ажырасу фактісі, бұл неке қию санының (124 774) шамамен жартысына тең.

Осыған байланысты отбасы институтын нығайту және балалардың мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан кешенді әрі жүйелі жұмыс атқарылуы қажет деп есептейді ол. Министр алимент төлемдерін өндіру мәселесі ерекше бақылауда екенін де атап өтті.

Фото: Pixabay

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

06.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Өзіңізге жақсылық жасаса болды ма». Ұлықпан Жолдасовтың әйелі сынның астында қалды

21.04.2025

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

Жас жұп бұл ерекше сәтке есте қалатын ерекше күнді арнайы таңдаған

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

«Өзіңізге жақсылық жасаса болды ма». Ұлықпан Жолдасовтың әйелі сынның астында қалды

Ол Асхат Садырбайды қолдап пікір қалдырған.

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.