«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Сабина Асқарқызы

  • 05.05.2025

Журналист Дана Нұржігіт мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың ажырасу мәселесіне қатысты депутаттық сауалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін депутат Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған еді.

Ардақ Назаровтың депутаттық сауалын тыңдадым. Несіне таңғаламыз?! Жалпы, қоғамда ажырасқандар туралы пікір осындай. “Кең дүниеге сыя алмаған жамандар, соңғы трендтерге ергендер… Жалғызбасты әйелдің етегін не ел ашады, не жел ашады. Соны біле тұра өтірік “статусқа”, екі жүзді өмірге бара алмайтын өзім тәуекел еттім кезінде! Еш өкінбеймін. Иә, оңай емес! Ұл баланы жалғыз көтеру, әке де, шеше де болу. Бірақ екеуара “мұз” болған жерде балаға қандай махаббат бере аласыз?! Өтірік, екіжүзділік нормаға айналған жерде не жақсылық болады?! Ал физикалық қысым, күнде жанжал бар жерде ше?!, – деп жазды журналист. 

Журналист салық үшін ажыраспай, зорлық-зомбылыққа шыдаудың қаншалықты дұрыс екенін сұрады. 

Депутат келтірген деректегі 400 мың жалғызбасты ана, 60 мың жалғызбасты әке отбасы институтын түбегейлі әлеуметтік зерттеуден, сараптаудан өткізу керек деген сөз. Соған қарай “Неке және отбасы” кодексін қайта қарау керек деген қызыл белгі бұл! Ал, ажырасқандарға салық салу керек дегені тіпті абсурд! Адамды еркінен тыс қасыңда ұстау, салыққа ұшыраймыз деп ажыраспау ма бұл?! Ақылға сыймайтын мәжбүрлеу ғой мынау! Адам құқығы қайда қалды сонда, депутат мырза?! Отбасы интитутын дәл осындай радикалды формада “қорғамасаңыз” етті. Бір де бір адам ажырасамын деп үйленбейді. Әр отбасында әртүрлі себеп бар. Кейде бала үшін, кейде жан тыныштығы үшін ажырасу – ең дұрыс шешім, – деді Дана Нұржігіт.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

«Денеме сиқыр жасалды»: Жігер Ауыпбаев күтпеген мәлімдеме жасады

02.05.2025

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

02.05.2025

Бүгіннен бастап екі қалада субұрқақ іске қосылды

01.05.2025

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

01.05.2025
MalimBlocks
Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

«Денеме сиқыр жасалды»: Жігер Ауыпбаев күтпеген мәлімдеме жасады

Әнші сиқыр жасалғанын айтып берді

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

Пәтерді жалға алушы азамат көз жұмған

Бүгіннен бастап екі қалада субұрқақ іске қосылды

Алматы мен Астананың субұрқақтары күн сайын таңғы 8:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

№ 18, 27, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді