457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Вице-министр отбасына айына 600 мың теңге жұмсайтынын мәлімдеді

Вице-министр нақты жалақысын атаудан бас тартты

Еңбек вице-министрі Асқарбек Ертаев өз отбасының бір айлық шығыны осындай екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz Спутникке сілтеме жасап.

«Менің отбасым 6 адамнан тұрады. Төрт балам бар, екеуі жұмыс істейді. Екеуі менің асырауымда. Жұбайым жұмыс істемейді. Бәрімізге бір айда 500-600 мың теңге кетеді. Соның ішінде азық-түлік, балабақша мен үйірме шығыны бар. Қызым үйірмеге барып жүр», - деді Ертаев сенат кулуарында.

Вице-министр нақты жалақысын атаудан бас тартқанымен, елдегі орташа және медианалық жалақы деңгейі туралы деректермен бөлісті. 

Оның сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанда орташа айлық жалақы шамамен 400 мың теңге, ал медианалық жалақы 288 мың теңге мөлшерінде.

Фото: Сенат баспасөз қызметі