Қазақстанда жаңа 6 мереке пайда болуы мүмкін

Арман Қайыпхан

  • 27.05.2025

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алты жаңа кәсіби мерекені бекітуді ұсынды. Құжат 2025 жылғы 10 маусымға дейін жария талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 29 маусымдағы №258 бұйрыққа өзгеріс енгізуді көздейтін жаңа бұйрық жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке бекітілуі мүмкін.

Бұйрықтың жобасы 2025 жылғы 10 маусымға дейін “Ашық НҚА” порталында жария талқылауға ұсынылған.

Ұсынылып отырған кәсіби мерекелер тізімі:

• 31 қаңтар – Қазақстан кәсіпкерлері күні
• 7 шілде – Қолөнершілер күні
• 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні
• 15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің күні
• 12 қазан – Кадр қызметі жұмыскерлерінің күні
• 20 қазан – Қоғамдық тамақтандыру саласы жұмыскерлерінің күні

Сонымен қатар, Энергетиктер күнін бұрынғыдай желтоқсанның үшінші жексенбісі емес, 22 желтоқсан күні атап өту ұсынылған.

Министрлік бұл бастамаға түрлі салалық уәкілетті органдардан түскен ұсыныстар негіз болғанын мәлімдеді.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

27.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

11.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025
MalimBlocks