457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандықтар жұмыс істеуге қай елдерге жиі барады?

Шетелде 156,7 мың отандасымыз жұмыс істеп жүр

Қазақстан шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғау мақсатында бірқатар елмен еңбек келісімін жасау бағытында жұмыс істеп жатыр.


Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша шетелде 156,7 мың отандасымыз жұмыс істеп жүр. Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей Федерациясында – 128,8 мың адам, Корея Республикасында – 15,2 мың адам, Польшада – 2,6 мың адам, ал Ұлыбританияда – 1,4 мың адам еңбек етеді.

Шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғау мақсатында өткен жылы Қазақстан мен Қатар үкіметі арасында еңбек ету туралы келісімге қол қойылды, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министрдің бірінші орынбасары жыл басында Ұлыбританиямен еңбек көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы өзара меморандумы жасалғанын мәлім етті.

Қазір Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, БАӘ, Словакия, Жапония, Швеция, Италия, Норвегия, Польша, Чехия, Румыния және Финляндиямен меморандумға келу жұмысы жүргізіліп жатыр, - деп толықтырды спикер.

Фото: Tengrinews