Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

Қазақы ит тұқымдарын сақтау, оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі 2022 жылы қолға алынған

Malim Админ

  • 04.09.2024

Халықаралық кинологиялық федерацияның Бас комитеті қазақ тазысын  ресми түрде ит тұқымы деп алдын ала тану туралы шешім қабылдап, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.

Бұл туралы ҚР Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай шешім - тазы тұқымын халықаралық деңгейде мойындау алдындағы негізгі әрі соңғы кезең.

FCI президенті Тамаш Яккельдің айтуынша, Қазақстанды алдағы уақытта 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тестілер жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізілмек. Бұл деректер FCI Ғылыми комиссиясы үшін қажет.

Бүгін сіздердің елдеріңіз үшін де, біз үшін де тарихи күн. FCI Стандарттау жөніндегі комиссиясы мен FCI Ғылыми комиссиясы ұзақ рәсімдерден кейін Бас комитетке осы тұқымды тіркеуді ұсынды. Құттықтаймын! Иттердің денсаулығы мен жай-күйі қазіргі таңда өте маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады, - деді Тамаш Яккель.

Қазақы ит тұқымдарын сақтау, оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап ҚР Президенті Іс басқармасының қарауына алынып, өкілетті орган ретінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі белгіленген болатын. Осы мақсатта екі жыл бойы тиісті заңдарға өзгерістер енгізіліп, тазы стандарты бекітілді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жасалып, асыл тұқымды иттердің байқаулары мен көрмелері өткізілді.

Фото: orda.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар айдың тұтылғанын тамашалай алады

15.09.2024

Қазақстан құрамасы теннистен Дэвис кубогінің алғашқы матчында жеңіліп қалды

14.09.2024

Қазақстан Ғаламдық киберқауіпсіздік индексіндегі орнын ілгерілетті

14.09.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тәмамдалды

13.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

11.09.2024

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

09.09.2024
MalimBlocks
Қазақстандықтар айдың тұтылғанын тамашалай алады

Тұтылу кезінде толық айдың қызыл жиегін көрінеді

Қазақстан құрамасы теннистен Дэвис кубогінің алғашқы матчында жеңіліп қалды

Бұл Қазақстан үшін сенсациялық жеңіліс болып отыр

Қазақстан Ғаламдық киберқауіпсіздік индексіндегі орнын ілгерілетті

Еліміз Қытай, Австрия, Канада сынды елдермен бір қатарда тұр

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тәмамдалды

Қазақстан спортшылары 114 жүлдемен жалпыкомандалық есепте топ жарды

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан сыртқы саясатта бейбітшілікті жақтайды

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

Бұл туралы Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы баспасөз қызметі хабарлады