Қазақстанның арнайы жасақтары халықаралық турнирге қатысып жатыр

Арман Қайыпхан

  • 03.02.2025

Дубайда Тhe UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарыстары жалғасуда, деп хабарлайды Malim.kz.

Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынап жатыр.

"Сұңқар" бөлінісінің жауынгерлері жарыстың бірінші және үшінші күндерінің нәтижелері бойынша көш бастап, жеңісті жолды жалғастыруда. 

Қазақстан ІІМ қызметкерлері "офицерді құтқару" деп аталатын үшінші кезеңнен сәтті өтіп, атыс дайындығы мен жауынгерлік ептілігін көрсетті. Нәтижесінде олар барлық сынақты 2 минут 11 секундта аяқтады. 

Полицейлер сайыста сынға түсіп жатқан әріптестерінің видеоларымен бөлісіп, қолдау көрсетіп жатыр. Отандастарының жеңісіне Дубайда жүрген біздің азаматтар да қуануда. Қазақстандағы көрермен де турнирді тікелей эфирде тамашалауда. 

"Бізді қолдаған жандардың бәріне рақмет. Жерлестердің лебізі бізге күш-жігер сыйлайды", - деді жауынгерлер. 

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің бірінші күні де "Сұңқар" командасы "алтын" жеңіп алған болатын. Үш күннің қорытындысы бойынша ІІМ командасы турнирдің жалпы кестесінде екінші орынды иеленіп тұр. 

Одан бөлек, үздік он команданың арасында Ұлттық ұлан, "Sardar B" (МКҚ) және ҰҚК-ның екі командасы (Arystan Team және SSN Aktau) бар. 

Өткен жылы "Сұңқар" жауынгерлері ұйымшылдығымен ерекшеленген еді. Қатысушылардың бірі аяғын сындырып алғанына қарамастан, команда мәре соңына дейін жетіп, көрерменнің көзайымына айналған болатын.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты