«Қазгидромет» болжамы: Бүгін елдің басым бөлігінде нөсер жауын болады

Павлодар облысында аяз болуы мүмкін

Malim Админ

  • 12.05.2024

«Қазгидромет» РМК жексенбі, 12 мамырға арналған ел аумағындағы ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim kz.

Болжам бойынша еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды аумақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, батыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, Алматы облысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) болады. Республиканың солтүстігінде, орталығында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, батыста және оңтүстік-шығыста – дауыл, бұршақ, батыста, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, түнде және таңертең шығыста, орталықта – тұман күтіледі, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, түнде солтүстікте, Қарағанды, Ақмола облыстарының шығысында, батыста, солтүстікте Павлодар облысында топырақ бетінде 1-3 градус аяз күтіледі.

Болжамға сай, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе мен Абай облыстарының оңтүстігінде, БҚО-ның орталығында, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Осындай жағдай Түркістан облысының шөлді аймақтарында сақталады, Қызылорда облысының Қазалы ауданында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Фото: kaz.tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты