Қазгидромет: Кей өңірде қар жауып, күн суытады

Қазгидромет 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында бірқатар өңірлерде жауын-шашын болып, ауа температурасының күрт төмендеуі жайлы айтты, деп мәлімдейді Malim.kz.

Malim Админ

  • 29.03.2024

Солтүстік Қазақстанда 29-наурызда, Ақмолада 29-30-наурыз, Павлодар мен Қарағандыда 30-наурызда, Шығыс Қазақстан облыстарында 31-наурыз күні жаңбыр мен қар жауады.

 

29-наурыз Алматыда, 30-наурыз Түркістанда, 29-31-наурыз Жетісу облысында қатты нөсер болады.

 

30-наурыздан 31-қараған түні елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде (Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында) -3,-10 градусқа дейін суық болады. 

 

Сәуірде жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан жоғары түсетіні болжанды. Орталықта (Ұлытау облысы, Қарағанды ​​облысы), солтүстікте (Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары), оңтүстік-шығыста (Жамбыл, Алматы облысы, Жетісу), шығыста (Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы), оңтүстікте (Қызылорда, Түркістан облыстары) қалыпты, орта деңгейде болады.
 

Фото: Интернеттен