Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қыз-келіншектермен ақылы кездесу өткізбек

Ол кітап жазып жатқанын да айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 24.10.2024

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман қыз-келіншектердің басын қоспақ, деп хабарлайды Malim.kz.

Назым қараша айында Астана мен Алматыда қыз-келіншектермен кездесу ұйымдастыратынын айтты. Идея авторының сөзінше, басқосу құны 85 мың теңге тұрады. Ал онда жәбірленушінің рөліне түсіп қалмау, күйзеліспен күрес секілді тақырыптар талқыланатынын алға тартты.

Бұл кездесулерде өмірдің қиын кезеңдерінде де әдемі және сау болып қалу жайында әңгімелесеміз. Өз-өзіңді қолға алу және стрессті жеңу жолдары туралы кеңестерімді айтамын. Жәбірленуші рөліне түсудің орнына, өзіңді күшті және сенімді сезінуге көмектесетін өзіне-өзі көмектесу стратегияларын талқылаймыз. Біз бұл уақытты жылы, сана мен жанға пайдалы етіп өткіземіз, - деп жазды Назым Қаһарман.

Сондай-ақ ол отбасылық өмірі туралы кітап жазып жатқанын да тілге тиек етті. Назым бұл кітапта Қуандық Бишімбаев туралы да жайттар барын айтты.

Бұл кітап өзім жайлы. Менің бірінші некем, ажырасуым жайында болғандықтан, кей кейіпкерлер туралы да жазылады, - деп жазды ол.

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

04.05.2025

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр

29.04.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

03.04.2025

Бишімбаевтың әкесі университет ашатыны рас па?

03.04.2025

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті

18.03.2025
MalimBlocks
Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

Сотталған экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман бұрынғы күйеуінің отбасы алимент төлеуден толығымен бас тартқанын айтты

Бишімбаевтың әкесі университет ашатыны рас па?

Әлеуметтік желіде сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда Bishimbayev University деген атаумен жеке жоғары оқу орнын ашатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бұл ақпаратқа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті