freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қазасына байланысты көңіл айтты

Саясат
Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қазасына байланысты көңіл айтты
Фото: UFC

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын! – делінген жеделхатта.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу