Астана. Malim.kz. Астаналық оқушы Сингапурда өткен халықаралық математика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы хабарлады.
Астанадағы Smart Technological School мектебінің 5-сынып оқушысы Әлімжан Көпеев «StemCo Global Finals Maths 2026/SGFM 2026» халықаралық олимпиадасының финалында ең жоғары нәтиже көрсетіп, абсолютті чемпион атанды. Ол I орын мен алтын медаль иеленді.
Олимпиадада осы мектептің тағы бір оқушысы Әлихан Мұрат та жүлдеге ілікті. Ол III орын алып, қола медаль жеңіп алды.
Халықаралық олимпиаданың финалы 17-22 маусым аралығында Сингапурда өтті. Байқауға әлемнің әр елінде өткен ұлттық онлайн іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Оқушылар алтын, күміс және қола медальдар үшін бақ сынады.