freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

Қоғам
Алматыда жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының Түрксіб ауданында Спасская көшесі, 77 мекенжайындағы аумақты көркейту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоба аудан тұрғындарының ұсынысы бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Бұған дейін көріктендірілмеген аумақта балалар және спорт алаңдары жасақталып, ойын элементтері мен воркаутқа арналған жабдықтар орнатылды. Сонымен қатар тұрғындардың демалуына арналған орындар құрылып, жабындар мен қоршау жаңартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі де орнатылды.

Жұмыстар 2026 жылы маусым айында аяқталды. Соның нәтижесінде тұрғындардың отбасымен демалуына, спортпен шұғылдануына және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу