ҚХА тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетеді

Malim Админ

  • 05.04.2024

Су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Зардап шеккен өңірлерге алғашқы қолдау көрсеткендердің қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де бар.

ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы іске қосылып, оның аясында Ақмола және Қарағанды облыстарына гуманитарлық көмек жіберілді.

Гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі Қарағанды облысының Шет ауданына жөнелтілді. Гуманитарлық көмекті жеткізген  ҚХА Төрағасының орынбасары Ақбаржан Исмаилов, «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Тимур Джумурбаев  азық-түлік пен алғашқы кезде қажет болатын заттарды  зардап шеккен халыққаүлестіріп, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді.

Гуманитарлық көмектіңекінші бөлігі Ақмола облысының Достық үйіне жеткізілді. Кейбір заттар эвакуациялық пункттерге жөнелтілді.

Ассамблея сенаторлары Алишер Сатвалдиев пен Геннадий Шиповских жергілікті жерлердегі жағдаймен танысып, тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

ҚХА республикалық штабының мүшелері басқа да зардап шеккен өңірлерге баратын болады.

Еліміздің барлық өңірлерінде Достық үйлерінің базасында штабтар, еріктілер орталықтары, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. ҚХА-ның қолдауымен жиналған гуманитарлық көмек сомасы—110 млн теңгеден астам.

ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындарға тұрақты түрде көмек көрсетіп, құтқарушыларға жәрдем береді және су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы маңызды ақпараттарды жариялайды.

Құтқарушылар мен еріктілерге жергілікті жерлерде ҚХА  тарапынан ыстық тамақтар ұйымдастырылуда.

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.