Қытай азаматтары «Қорғаста» жезөкшелер притонын ашқан

Ол тек қытайлықтар үшін ғана жұмыс істеген.

Malim Админ

  • 05.04.2024

Жетісу облысында «Қорғас» ШЫХО аумағында Қазақстан жағындағы 6 заңсыз астыртын ойын бизнесі мен бір жезөкшелікпен айналысатын притонның қызметі жойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер притонын ҚХР азаматтары ұйымдастырған.

Бұл орындарды ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен, облыстық полициямен және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеген. Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдық, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып, тәркіленді, - деп хабарлады Қаржылық мониторингі агенттігі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ведомство өкілдері ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайтынын айтты. 

Фото: видеодан срин

Байланысты жаналықтар

Дариға Назарбаеваның монополис компаниясы тексеріліп жатыр     

16.02.2023

«Алтын Ордада» адам сатылып жатыр

07.12.2021

Су тапшылығы: Қазақстан Қытаймен бірлесіп бөгет салмақ

04.05.2021

Халықты тыңдағысы келмейтін әкім: "Сен сайлаған жоқсың мені!"

26.04.2021

Отбасы із-түссіз жоғалып кеткен қандасымыз көмек сұрайды

15.12.2020
MalimBlocks
Дариға Назарбаеваның монополис компаниясы тексеріліп жатыр     

Жолаушылар қомақты ақша төлеуге мәжбүр болған

«Алтын Ордада» адам сатылып жатыр

Су тапшылығы: Қазақстан Қытаймен бірлесіп бөгет салмақ

Халықты тыңдағысы келмейтін әкім: "Сен сайлаған жоқсың мені!"

Отбасы із-түссіз жоғалып кеткен қандасымыз көмек сұрайды