Kyzdar.net топ-менеджерлеріне қатысты тергеу тоқтатылды

Ішкі істер министрлігі оның себебін түсіндірді

Мадина Қайнарова

  • 20.09.2024

Полиция қызметкерлері 2023 жылы Kyzdar.net сайтының 11 «топ-менеджерін» анықтаған болатын. Олар сайтқа интим қызмет ұсынатындардың анкетасын жариялап, жұмыс істеуіне көмектесіп отырған. Бүгін Ішкі істер министрлігінде ұсталғандарға қатысты қылмыстық істің не себепті тоқтағанын түсіндірді.

Белгілі болғандай, тергеу ҚР ҚК-нің 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау» бойынша жүргізілген. Бірақ істі соңына дейін жеткізу мүмкін болмады.

Осы бапта «телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы», «интернет», «жезөкшелікті насихаттау және жарнамалау арқылы» жасалған жеңгетайлық  деген ұғымдар жоқ. Сондықтан сотқа дейінгі тергеу кезінде құқық қорғау органдарының заңнамадағы олқылықтарға тап болғанына байланысты қылмыстық іс тоқтады, - деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомство Мәдениет және ақпарат министрлігіне аталған сайтты бұғаттау бойынша тиісті хатты бірнеше рет жіберген. Алайда интернет-ресурстың иелері платформа қолжетімді болып қала беру үшін домендік атауды жедел өзгертіп, жаңартып отырған.

Бұл интернет-ресурс америкалық интернет-провайдерлерге тиесілі хостингте орналасқан. Мысалы, бүгін «Kyzdar.net» сілтемесі бұғатталса, ертең-ақ «Kyzdar2.net», «Kyzdar4.net» секілді сілтемелер жұмыс істеп тұрады. Дұрысы - бұл сайтты күнделікті және жедел түрде бұғаттап отыру, алайда бұғаттау бойынша белгілі бір процедуралар бар. Қазір олар жұмыс тәртібінде қаралып жатыр. Мұндай проблема жалғыз Қазақстанда ғана емес, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ведомствода Қылмыстық кодекске тиісті өзгертулер енгізілгеніне тоқтады. Бұл өзгерістер жезөкшелікпен және сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтермен айналысуға арналған притондарды ұстайтындарды, сондай-ақ жеңгетайлықпен айналысатын адамдарды, оның ішінде, «онлайн», яғни, интернет арқылы жезөкшелік қызметтері мен притондарын жарнамалайтын чат ұйымдастырушылар мен сутенерлерді жауапқа тартуға мүмкіндік береді. 

Аталған сайтта интим қызметін көрсету бойынша хабарландырулар ғана жарияланған. Ал қанша адамның сайтқа кіргенін анықтау мүмкін емес. Сайттағы ақша қаражаттарының айналымы онлайн автоматтандырылған төлем жүйесі арқылы крипто валютада жүргізіледі және осы уақытқа дейін әлі анықталмаған. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде,-деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың мамыр айында Айка Мырзахметова есімді блогер есірткіні заңсыз қолданғаны және притондар ұйымдастырғаны үшін сотталды. Ол 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 25 жастағы жеңгетайдың қамауға алынғаны туралы ақпарат 2023 жылдың маусымында белгілі болған. Сол жылдың желтоқсанында Айканың клиенттерінің болжамды тізімі желіде тарап кетті. Онда танымал тұлғалардың: әншілер мен ірі компания директорларының аты-жөндері мен жеке деректері көрсетілген.

Фото: sn.kz

Байланысты жаналықтар

Ақмолада 400-ге жуық адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген

23.11.2024

Астанада есік сындырып, бүреудің көлігін тепкілеген бұзақылар жазаланды

23.11.2024

"Анасына видео жіберіп үлгерген". Екібастұзда 9-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

22.11.2024

Алаяқ полицейлер ұсталды

18.11.2024

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

12.11.2024

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

11.11.2024
MalimBlocks
Ақмолада 400-ге жуық адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген

Қылмыстардың көпшілігі мас күйінде немесе алкоголь ішу кезінде жасалады

Астанада есік сындырып, бүреудің көлігін тепкілеген бұзақылар жазаланды

Жыл басынан бері сондай 270-тен аса адам жауапқа тартылған

"Анасына видео жіберіп үлгерген". Екібастұзда 9-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

Түнгі сағат үш шамасында үйінен шығып кеткен

Алаяқ полицейлер ұсталды

«Қамқорлығы» үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, тастардың үйіндісіне  соғылған