«Шаруаларыңды өздерің шешіңдер»: Астанаға жолға шыққан жамбылдық 60 адам далада қалған

Жамбыл облысында автобуспен Астанаға жолға шыққан 60 адам Балқаш өзені тасығаннан далада қалып қойып, көмек сұрап жатыр. Бұл туралы журналист Нұрадин Рақай өзінің facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 31.03.2024

Ораза айында «қалғып» кеткен басқарма басшыларын ояту сауапты іс. Оятпайын десең, елге обал. Автобуста ашқұрсақ отырған 60 адам ойбайлап көмек сұрап жатыр. Кеше Тараздан Астанаға жолға шыққандар «Балқаш тасып, далада қалдық» деп дабыл қағады. Тараздықтарға жақсы таныс Дмитри деген дәудің автобусымен шыққан. Аймақтағы алып тасымалдаушы компания қожайыны туғанынан ба, жоқ тойынғаннан ба, әйтеуір, шалқайып қалған шер. Онысын еш жасырмайды ғой жарықтық. Ел айтқанда сенбеп ем. Биыл жазда бір танысым «құдалыққа» автобус алып, көрмегенім Дмитри компаниясы болсын деп еді. Клиенттеріне екінші сортпен қарау, менсінбей сөйлеу, дөрекі дегенді жиі естіп жүрміз. Қалааралық жолаушы тасымалымен айналысатын компанияға тәйт деп айта алар тәуір табылар ма екен. Әлгі Жолаушылар көлігі және автомомиль жолдары деген басқарманың дәті де дәрмені де жүрмейтін сыңайлы. Болмаса мал емес адам таситын мекемелерді билік болып бір уыста ұстау керек қой, - дейді ашынған әріптесіміз.

Оның айтуынша, күні кеше тараздық жолаушылар «жол жабық екен, ақшамызды қайтарыңыз» деп барған екен, автобекет кассирлері «мінсең мін, мінбесең ақшаң жоқ» деп қайтарып жіберген.

Сөйтіп, адамдардың басын бәйгіге тігіп, ақыры далада қалдырады. Адам тасумен айналысатын мекемеге адамның қауіпсіздігі, амандығы деген көк тиын құны жоғын көрсетті. Тығырыққа тірелген тұрғындар басшысына звондаса, «шаруаларыңды өздерің шешіңдер» деп айтады дейді. Ақшалары қайтпайтынын астын сызып тағы айтып. Сонда деймін де, күні бұрын жабылған жолға автобус неге шығады? Тасқынның түрі мынау, елдегі ахуал анау. Бұл деген сөз еш бақылау жоқтықты білдіреді. ЧС, Ішкі істер департаменті жолдағы жағдайды автобекеттерге ескертпей ай қарап отыр ма? Бір қызығы, 30-15 мыңнан жолкіре төлеген жолаушыларға бір де бір билет берілмепті. Ал Каспийден алғандары айдаладағы делдалдар болып шығыпты. Мұрат Саурықов, ассалаумалейкум! Сіз бар адамсыз ба өмірде? Болсаңыз осындай мәселе болып жатыр дейд өңірде, - дейді Нұрадин Рақай.

 

Байланысты жаналықтар

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізіледі

26.04.2025

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

26.04.2025

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

25.04.2025

Жерлеу рәсімі де қымбаттап кетті

25.04.2025

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

25.04.2025
MalimBlocks
Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізіледі

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

Жерлеу рәсімі де қымбаттап кетті

Ең жоғары баға БҚО-да

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған