Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Сұлу Бөлек

  • 09.05.2025

Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялады, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

Колониялардағы ішкі тәртіп ережелеріне енгізілетін өзгерістер сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты болады. Жоба авторлары сотталғандарға дәрігерлермен телефон арқылы кеңесуге рұқсат беруді ұсынады. Осы мақсатта құжатқа жаңа – 181-бап енгізілмек.

"Тиісті медициналық қорытынды болған жағдайда, медициналық кеңестерді қашықтан көрсетуге болады. Кеңесті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері береді. Үшінші тұлғалармен сөйлесуге тыйым салынады", – делінген құжатта.

Жаңа һзгерісте телефонмен сөйлесу кезінде тәртіп бұзылған жағдайда, байланыс құралдарын пайдалану ережелері сақталмаса, үшінші тұлғалармен сөйлесу немесе әдеп пен мораль нормалары сақталмаса, әңгіме бірден тоқтатылуға тиіс екені жазылған.

"Адвокатпен телефон арқылы білікті заң көмегін алу үшін сотталған адам мекеме әкімшілігіне жазбаша не ауызша өтінішпен жүгінеді. Адвокатпен телефон арқылы сөйлесу оның жеке басы мен байланыс деректерін адвокаттар алқасы арқылы алдын ала растағаннан кейін жүзеге асырылады", – делінген жоба мәтінінде.

Сондай-ақ, адвокат пен сотталғанға үшінші тұлғалармен сөйлесуге тыйым салынғаны ескертіледі.

Құжаттың толық нұсқасымен "Ашық НҚА" порталында танысуға болады. Қоғамдық талқылау 21 мамырға дейін жалғасады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025

Енді SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді

07.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

Енді SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?