ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

Арман Қайыпхан

  • 28.04.2025

Бүгін Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында алғашқы өңірлік ғылым кеңесі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның басты мақсаты – ғылым мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, Шығыс Қазақстан облысының ғылыми-техникалық әлеуетін арттыру. Кеңес облыс әкімдігі мен техникалық университеттің тікелей ынтымақтастығы арқылы құрылды.

Қазіргі таңда өңірде бірқатар ғылыми жобалар жүзеге асырылып жатыр, Шығыс Қазақстан ғалымдарының көптеген жаңалықтары өндірісте қолданылуда. Сол себепті қазіргі уақытта ғылыми орта мен өндіріс арасындағы байланысты қолдап отыру өте маңызды, бұл ғылыми идеялар мен жобалардың өмірде жүзеге асуына септігін тигізеді.

Кеңес билік, ғылым және бизнес арасындағы диалог алаңына айналады. Егер біздің ғалымдар мен өндіріс саласының өкілдері бірлесе жұмыс істейтін болса, ғылыми идеяларды тәжірибеге енгізіп, өндірісте жаңа жетістіктерге қол жеткізуге болады деген сенім бар, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Кеңес өңірлік мәселелер мен міндеттерді ескере отырып, ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындауға стратегиялық функция атқарады, ғылыми қызметте практикалық бағытты күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, отырыстар барысында қатысушылар қосымша қаржыландыруды немесе ведомствоаралық келісімді қажет ететін бастамалар, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды талқылауға шығара алады.

Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы өңірлік ғылым кеңесінің аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Қорғаныш және функционалдық қаптамалар» жастар ғылым орталығының ашылуы өтті.

Фото: ШҚО әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

28.04.2025

"Ким Чен Ынға ұқсайды". Желіде Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыға түсті

27.04.2025

Премьер-министрдің орынбасарына ШҚО-дағы су тасқыны жағдайын бақылау жүйесі таныстырылды

26.04.2025

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

25.04.2025

ШҚО әкімі: Қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысы KPI арқылы бағаланады

24.04.2025

Өскемен тұрғыны қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген

23.04.2025
MalimBlocks
Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында дүниеге келген