ШҚО жыл бойы жұмыс істейтін туризмді дамытуға ниетті

Арман Қайыпхан

  • 09.12.2024

Өңір әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, туристік ақпараттық орталықтар желісі кеңейіп келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Марқакөл мен Алтай аудандарында жаңа екі орталық ашылып жатыр. Жол бойындағы сервисті де бір стандартқа сай келтіріп жатырмыз. Өңірдің туристік тартымдылығын арттыру үшін брендтік іс-шаралар өткізіп келеміз. Соның ішінде «AltaiFest – Өрлеу» жазғы фестивалі және «Шығыс Салбұрыны» құсбегілер мен бүркітшілер фестивалін атап өткім келеді. Бұдан бөлек, Бозанбай ауылында ұлттық спорт түрлерінің құзыреттілік орталығы ашылуда», - деді спикер ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, қонақжай үйлері ұйымдастырылған туризмнің үлгісіне және тұрғындардың табыс көзіне айналды.

«Катонқарағайдағы Коробиха ауылындағы әрбір үй алажаздай туристерді қабылдайды. Қазір Зимовье және Поперечное ауылдары осы бағытта дамып келеді. Табиғаты әсем, айналасы таулы аймаққа қысы-жазы келушілер жеткілікті. Риддер қаласында белсенді демалыс және тау шаңғысы спортымен шұғылдануға арналған кластер қалыптастыруды жоспарлап отырмыз. Ал, Катонқарағай ауданында 4 жұлдызды отель мен 2-3 жұлдызды қонақ үйлер салынады», - деді облыс басшысы.

Қолға алған іс-шаралар жыл басынан туристік саладағы инвестициялар көлемін 23%, қонақтарды орналастыру көлемін 50%, ал демалушылар санын 20% арттыруға мүмкіндік берді. Туристерді көбейту үшін инфрақұрылым жақсартылып, қорықтар мен ұлттық саябақтар, тарихи-мәдени орындар жан-жақты насихатталуда. Сонымен қатар Қытай тарапымен бірлесіп Марқакөл (ҚР) және Қанас (Қытай) көлдері арасында трансшекаралық туристік маршрут ұйымдастыру көзделіп отыр.

Фото: ОКҚ

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты