Су тасқыны: Президент Атырау облысының әкімімен сөйлесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда телеграм каналы ақпарат таратты.

«Президент облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі.
Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді, сондай-ақ материалдық шығындар өтеледі»,-делінген Ақорда хабарламасында.
Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен сөйлесу барысында Президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.
Президент облыс әкімімен сөйлесіп, судан зардап шегіп, шығынға ұшыраған барлық отбасы мемлекет назарынан тыс қалмайтынын айтқан.
Айта кетейік, 4-сәуірде Атырау облысы, Жылыой ауданында Төтенше жағдай жарияланған еді. Ал 5-сәуір күні ауданға қарасты Құлсары қаласына қарғын су кірді. Салдарынан кеше 5-сәуір түнгет дейін Құлсарыда 2500 үйді су басты.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялап жатыр. Су басқан күні қаладан 4 мың адам көшірілген. Олардың 1 мыңға жуығы балалар.
Фото: Интернеттен