Судың заңсыз саудасы жойылмай тұр. Министр Нұржігітов не деді?

Жылына су ресурстарының 40 пайызы заңсыз кетеді

Malim Админ

  • 12.05.2025

Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында судың "қара нарығы" туралы мәселе көтерілді. Депутат Ерлан Сайыров «Қазсушар» мекемесінің менеджментін сынға алды, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Өңірлерге барған кезде осы мекеменің азаматтары жергілікті халыққа суды заңсыз береді деген ақпарат бар. Осы мәселені қашан жоясыздар? Жылына су ресурстарының 40 пайызы заңсыз кетеді екен. Бұл қалай? Ірі жобаларды іске асырмас бұрын бар суды шаруашылыққа үнемді пайдалану мәселесін көтеруіміз керек. Сіздер әлі күнге дейін бар суды үнемдеу механизмін реттеген жоқсыздар, — деді ол.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов судың заңсыз саудасы толық жойылмай тұрғанын мойындады.

Қара нарыққа байланысты айтқаныңыз рас. Бүгінгі таңда бүкіл республика көлемінде «Қазсушармен» келісімшарт жасамай, суды алу деген мәселелер бар. Біз оны қалай шешіп жатырмыз? «Қазсушар» мекемесімен қазір келісімшарттарды жасауды электронды форматқа көшіріп жатырмыз. Себебі электронды түрге көшірсек, қадағалау мәселесі реттеледі. Одан бөлек өзіміздің ақпараттық талдау орталығы арқылы шаруа қожалық суды келісімшартқа сай алды немесе көп алды, кассаға қанша ақша түсті немесе түскен жоқ деген мәселені ғарыштан мониторинг жасау арқылы енгізейін деп жатырмыз. Ол жалпы 100 пайыз проблеманы шешпейтін шығар. Бірақ бізге үлкен құрал ретінде жәрдем көрсетеді, — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, министр Су кодексі күшіне енгенде бұрын инспекциялар атқарып келген жұмыстар арнайы комитетке берілетінін, бұл да қадағалауды бір жүйеге түсіретінін айтты.

Айта кету керек, Каспий мәселесін шешу аясында Қазақстан Ресейге Еділ суын бірлесіп реттеу туралы ұсыныс жасамақшы.

Фото: pixabay.com  

Байланысты жаналықтар

Балқаш көлінің су деңгейі көтеріліп жатыр

25.04.2025

Созақ ауданын Шу өзені арқылы сумен қамту: министрлік Толықбайдың сауалына жауап берді

03.04.2025

Келесі жылдан бастап қандай мамандардың жалақысы өседі?

27.09.2024

Президент Жолдауын іске асыру: Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды

29.08.2024

Биыл Арал теңізіне 1,38 млрд текше метр су келді

01.08.2024
MalimBlocks
Балқаш көлінің су деңгейі көтеріліп жатыр

2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілді

Созақ ауданын Шу өзені арқылы сумен қамту: министрлік Толықбайдың сауалына жауап берді

Су ресурстары және ирригация министрлігі Мәжiлiс депутаты Мақсат Толықбайдың Түркістан облысы Созақ ауданын Шу өзені арқылы сумен қамту бойынша депутаттық сауалына қатысты жауап берді

Келесі жылдан бастап қандай мамандардың жалақысы өседі?

Елімізде 1 миллион 800 адам 85 мың теңге алып жүр

Президент Жолдауын іске асыру: Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды

Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Ұлттық гидрогеология қызметі құрылды.

Биыл Арал теңізіне 1,38 млрд текше метр су келді

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының кеңсесінде өткен кездесуге ХАҚҚ сарапшылары мен жобаны әзірлеуші мамандар қатысты.