Биыл Арал теңізіне 1,38 млрд текше метр су келді

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының кеңсесінде өткен кездесуге ХАҚҚ сарапшылары мен жобаны әзірлеуші мамандар қатысты.

Берік Дәулетов

  • 01.08.2024

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматыда Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңіне дайындық бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылдың басынан бастап Солтүстік Арал теңізіне 1,38 млрд текше метр су келді.

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының кеңсесінде өткен кездесуге ХАҚҚ сарапшылары мен жобаны әзірлеуші мамандар қатысты.

Жоба үш негізгі бағыттан тұрады. Бірінші бағыт – теңізде және оған жақын аймақта балық аулау мен су ортасының жағдайын жақсартуды, сондай-ақ Сырдария өзенінің атырабындағы сулы-батпақты жерлерді тұрақтандыруды көздейді. Екінші бағыт - Қызылорда облысында балық шаруашылығын, мал шаруашылығын, туризмді және орман отырғызуды дамыту арқылы орнықты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдауды көздейді.

Үшінші бағытта Арал-Сырдария бассейнінде су ресурстарын басқару жүйесі жақсарады деп күтілуде, - деп хабарлады министрлік.

Әзірленіп жатқан жоба – Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау жөніндегі ауқымды жобаның жалғасы.

Ол 2002-2010 жылдар аралығында іске асырылып, бүкіл Арал өңіріне оң әсерін тигізді. Екінші кезең Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Фото: Sputnik

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Судың заңсыз саудасы жойылмай тұр. Министр Нұржігітов не деді?

12.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Судың заңсыз саудасы жойылмай тұр. Министр Нұржігітов не деді?

Жылына су ресурстарының 40 пайызы заңсыз кетеді

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді