Суға батқан баланы құтқарушы аман алып қалды

Түркістан облысы, Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы «Ақсу» каналында 2014 жылы туған бала суға батқаны туралы хабарлама «112» жедел пультіне келіп түскен, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары баланы аман алып қалды. Әсіресе, Ақсукент ауылындағы №6 өрт сөндіру бөлімі қызметкері, өрт сөндіруші-құтқарушы Азамат Үйсінбеков жедел әрекет етіп, баланы судан шығарды.
Құтқарылған бала медициналық тексеруге тапсырылып, жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Оқиға орнында басқа зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Фото: freepik.com


Ең көп оқылған
