Тергеу изоляторында әйелді зорлады деп айыпталған полицейге үкім шығарды

Арман Қайыпхан

  • 22.05.2025

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында зорлау дерегі бойынша айыпталған полицейге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылғы 22 мамырдағы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, айыпталушы қызметтік міндетін атқарып жүріп, 2024 жылғы 17 қыркүйек күні кешке Сарыағаш ауданының уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған жәбірленушіні зорлаған.

Қылмыс бейнебақылау орнатылмаған бөлмеде жасалған.

Прокурор соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот отырысында жәбірленуші жыныстық қатынасқа өз еркімен барғанын, ал арызды жүктілік кезіндегі депрессия кезінде жазғанын айтты. Айыпталушы да жыныстық қатынас өзара келісіммен болғанын, бірақ қызметтік өкілетін пайдаланғанын мойындап, өзін ақтауды сұрады. Қорғаушы оның сөзін қолдады", - делінген сот мәлімдемесінде.

Сот сот-биологиялық сараптаманың қорытындылары, ультрадыбыстық зерттеу, жәбірленушінің тергеу кезінде берген жауаптары, беттестіру хаттамалары және басқа да дәлелдер негізінде айыпталушының кінәсін дәлелденген деп тапты.

"Сот жазаны жеңілдететін жағдайлар ретінде айыпталушының отбасылық жағдайын және жәбірленушімен татуласуын, ал ауырлататын жағдай ретінде – құқық қорғау қызметкерінің антты бұзуын ескерді. Сот үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сотталған полицейдің адвокаты үкімге апелляциялық шағым түсірді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

11 мыңға жуық отбасы тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды

23.05.2025

Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

22.05.2025

Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

22.05.2025

Шерзат ісі: Сотта күлген адамдардың видеосын таратқандар жазаланды

22.05.2025

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 5 жылға сотталды

21.05.2025

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

21.05.2025
MalimBlocks
11 мыңға жуық отбасы тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды

Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

Шерзат ісі: Сотта күлген адамдардың видеосын таратқандар жазаланды

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 5 жылға сотталды

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды