«Тізім қысқартылды». Көкшетаудағы «Жайлы мектеп» туралы жайсыз хабар

Жер телімі бір жыл бұрын берілген

Malim Админ

  • 31.01.2025

Көкшетауда 2 мыңға жуық тұрғыны бар «Бейбітшілік» шағын ауданында мектеп жоқ. Бұл туралы 24 kz телеарнасына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   


Аудан балалары қазір 4-5 шақырым жерде орналасқан білім ошақтарына қатынап жүр. Былтыр «Жайлы мектеп» салынады деп жер телімі бөлінгенімен, құрылыс басталмаған.  Мұнда  инфрақұрылымға қатысты мәселелер әлі дұрыс шешілмей келеді. Тіпті балабақша да жоқ дейді жергілікті тұрғындар. 

Қала тұрғыны Мая Болатханованың айтуынша, баласы баратын мектептің арақашықтығы 4-5 шақырымды құрайды. Жаздыгүні байқалмағанмен, қыстыгүні, көктем айларында барып-қайту қиын. Тұрғындар балғындардың қауіпсіздігіне алаңдайды. «Себебі қыстың күндері қаңғысбас ит көбейіп кетеді», – дейді олар. 

Шағынауданда «Жайлы мектеп» не себепті салынбай,  құрылыс тұралап тұрғанын білім басқармасындағылар телеарнаға түсіндіріп баққан.

2024 жылы Үкімет қаулысына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына өзгерту енгізілді. Салынатын мектептердің тізімі қысқартылды. Енді ұлттық жобаға енбей қалған білім ошақтарының құрылысы өзге инвестициялық бағдарламалар аясында жүзеге асырылмақ. Мақсатты түрде бөлінген жерге басқа ешқандай нысан салынбайды, - деп мәлімдеді Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов. 

Фото: видеодан скрин   

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.