Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды
«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Түркістан облысында Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орындарын ашу жоспарланып 1465 жұмыс орындары құрылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл өңірде 130 769 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, оған 4 айдың қортындысымен 43 213 адам қатысты. Ал субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 34 258 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланып, нақты 18 025 адам жолданды.
Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 680 адам қатысса, 11 052 адам жастар практикасына жолданып, оның ішінде 1 383 адам қатысты. Сондай-ақ, 13 956 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға 13 184 адам жолданған.«Күміс жас» жобасына нақты 59 адам жолданған.
Сонымен қатар 57 221 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланып, нақты 10 942 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Айта кетейік, ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар негізінде жалпы саны 375 инфрақұрылымдық жоба төңірегінде 4 074 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар. Аталған жобалар аясында 160 жаңа жұмыс орны ашылған. Бүгінде электрондық еңбек келісім шарты 97,1% пайызды құрап отыр.
Үкімет
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
