Түркияда ота жасатқан Ербаян Астанаға қайтатын болды

Арман Қайыпхан

  • 27.01.2025

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Астанаға оралмақ. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай өзінің әлеуметтік желідені парақшасына жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ербаян Мұхтардың емінің бірінші кезеңі аяқталып, ол Астанаға жолға шықты. Яғни Ербаянымыз 2-3 ай елде болады. Басына жасалған отадан кейін толыққанды реабилитация бастау үшін оның ағзасы біраз уақыт демалуы керек екен. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып, екінші кезең, реабилитацияны бастайды. Астанада Ербаян нейрохирург профессор Гёкхан Акдемирдің толық бақылауында болады. Бір айдан кейін дәрігердің өзі ұшып келіп, жағдайын өз көзімен көріп кетемін деп отыр. Гёкхан Акдемир Ербаянның басына ота жасаған дәрігер. Ол кісіге ерекше алғысымызды айтқымыз келеді, деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол Ербаян Стамбулда болғанда емін ұйымдастырып, аударма жасап, жандары қалмай көмектескен Динара мен Реджепке де алғыс айтты. 

Жуырда Ербаянның ата-анасы бірінші кезең еміне кеткен қаражат бойынша есеп беріп, осы аралықта төленген қаражаттың чектерін жариялайды. Осының барлығы Сіздердің арқаңызда екенін біз ешқашан ұмытпаймыз. Ербаянның емі ұзақ екенін, шыдам мен табандылықты қажет ететінін ескеріп, оған тек қуат пен жігер тілейміз. Ал бүгінше, бәріміз елге, Отанына ұшып келе жатқан Ербаянға ақ жол тілеп қояйықшы, деді ол.

Фото: stan.kz

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Inga Imanbay (@inga_imanbay)

 

Байланысты жаналықтар

Әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды

17.03.2025

Cарбаз Ербаян Мұхтардың ісінде ешқандай күдікті жоқ - Бас прокуратура

25.02.2025

Денсаулық сақтау министрі Ербаян Мұхтарға қатысты пікір білдірді

25.12.2024

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

12.11.2024

Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді

27.09.2024

Ербаян Мұхтардың туыстары оны Түркияда емдететін болды

26.09.2024
MalimBlocks
Әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды

Адвокат Ербаянды осы күйге түсіргендер тиісті жазасын алғанша күресті тоқтатпайтынын айтты

Cарбаз Ербаян Мұхтардың ісінде ешқандай күдікті жоқ - Бас прокуратура

2023 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен сарбаздың ісі әлі жалғасып жатыр

Денсаулық сақтау министрі Ербаян Мұхтарға қатысты пікір білдірді

Министр сарбаз шетелде ем қабылдап жатқанын алға тартты.

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді

Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтар былтыр желтоқсанда әскерде жүргенде комаға түскен

Ербаян Мұхтардың туыстары оны Түркияда емдететін болды