Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Сұлу Бөлек

  • 29.04.2025

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы жөнінде сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

"Ербаян Мұхтардың жағдайы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бақылауда. Ата-анасымен осыдан бірнеше күн бұрын кездестім. Жағдайы тұрақты. 16 медициналық қызметті қосымша алу қажеттілігіне байланысты Ұлттық медициналық орталығына күні кеше жатқыздық. Қасында әкесі бар. Тиісті көмекті сырқатына байланысты алып жатыр", – деді Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Ербаянның диагнозы өте қиын. Жарақатпен бірге денесіне инфеккция да түскен.

"Тиісті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Түркияға барып келді. Өзіміз де қосымша қарап жатырмыз. Қажет болса Түркияда немесе басқа мемлекетте ем-домын ұйымдастыру мәселесін ата-анасымен талқыладық. Қазақстанда емделуге келісімдерін берді. Алдын-ала болжам жасамай-ақ, көмектің алып жатқанын айтқым келеді", – деді ол.

КҮДІКТІ ЖОҚ

Еске салайық, бас әскери прокурордың орынбасары Максат Қазиев Ұлттық ұланда әскери борышын өтеген сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі бойынша әлі күнге дейін ешкім күдікті деп танылмағанын айтқан болатын. Оның айтуынша, қазір кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар мен тергеу нәтижелерін алғаннан кейін шешім қабылданады. Іс Бас прокуратураның және бас әскери прокурордың ерекше бақылауына алынған. Ербаян Мұхтардың ісінде бұрын күдікті табылмағаны туралы хабарлаған едік. 

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Әскери бөлім "сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды" деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, "Медикал-Парк" клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдап жатыр.

Фото: Инга Иманбай

Байланысты жаналықтар

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

02.05.2025

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

30.04.2025
MalimBlocks
Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап 1 миллионнан астам қазақстандық тегін көмекпен қамтылады