457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украиналық балалар Қазақстандағы жазғы лагерьге демалуға келді

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы демалысты ұйымдастыру шеңберінде халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Балалардың демалысын ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар орталық шетелдік балаларды да қабылдай отырып, мәдениетаралық байланыстарды дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Орталық жұмыс істеген жылдар ішінде мұнда әлемнің 15 елінен келген балалар демалды.

Соңғы үш жылдың өзінде ғана «Балдәурен» ТМД елдерінен, Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да мемлекеттерден келген 700-ден астам шетелдік баланы қабылдады.

3 маусымда Қазақстанға демалыс пен оңалтудан өту үшін Украинадан балалар тобы келді. Олар үшін біздің еліміз туралы танымын кеңейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Атап айтқанда, балалар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне экскурсия жасап, Астана қаласындағы көрнекті орындарға саяхаттайды.

Мұндай сапарлар балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, мәдениетаралық түсіністік пен өзара құрметті қалыптастыруға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді.

Балалық шақ — бұл бақыт мекені. Оны бірлесе қорғау және дамыту — баршаға ортақ міндет.

Қазақстан әр елден келген жас қонақтарға есігін айқара аша отырып, халықтар арасындағы достықты қалыптастыруға және сенімге, құрметке, жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген әлемнің негізін қалайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.

Фото: "Балдаурен" орталығы